Павлодарлық тұрғынның депозиттегі ақшасын шешіп алған алаяқ ұсталды
Әйел адамға қоңырау шалған адам депозиттегі пайызды көбейтуді ұсынған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, қала тұрғыны Валентина Карташова Павлодар қаласы полиция басқармасы оңтүстік полиция бөлімінің қызметкерлеріне алақтық фактісі бойынша қылмысты тез арада ашқаны үшін алғыс білдіріп, ведомство бастығы Василий Склярдың атына кезекті Алғыс хат жолдаған.
– Алақтар биылғы жылдың сәуір айының соңында банктердің бірінде менің депозитімнен ақшалай қаражат шешіп алған. Олар маған қоңырау шалып, депозиттегі пайызды көбейтуді ұсынды, мен қуана-қуана келістім. Содан кейін қоңырау шалушының барлық нұсқауларын орындадым, – деді Валентина Карташова.
Ол тергеуші Джамилия Жүнісова мен жедел уәкіл Арман Серікқалиевтің дер кезінде көмек көрсетуі нәтижесінде 815 мың теңге ақшасы қолында қалғанын айтады.
– Полицейлердің үйлесімді және жедел әрекетімен күдікті алаяқ анықталды. Олардың кәсібилігі, жеделдігі және адамгершілігі үшін алғыс білдіремін. Сіздерге мықты денсаулық, сәттілік, отбасылық бақыт тілеймін, – деп қала тұрғыны ризашылығын білдіреді.