Павлодарлық театр ұжымы жыл қорытындысын шығарды

Павлодарлық театр ұжымы жыл қорытындысын шығарды
Фото: Константин Шелков

Іс-шара барысында өткен жылдың нәтижелері сараланып, шығармашылық табыстар мен еңбек жетістіктері қорытындыланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Асайын Байхановтың қолдауымен театр ұжымының әлеуметтік жағдайын жақсарту мақсатында мекемеге үш қызметтік пәтер табысталды. Бұл – өнер адамдарының тұрмыстық мәселелерін шешуге бағытталған нақты қолдаудың бір көрінісі.

Сонымен қатар, жыл қорытындысы аясында облыс әкімдігі театрдың шығармашылық әлеуетін арттыру және мәдени жобаларды дамыту үшін 50 миллион теңге көлемінде қаржы бөлді. Аталған қолдау алдағы уақытта жаңа қойылымдар қоюға, мәдени бастамаларды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

Салтанатты жиында сахна өнеріне саналы ғұмырын арнап, мәдениет саласының дамуына үлес қосқан театр майталмандары мен жас өнер иелері түрлі деңгейдегі жоғары марапаттарға ие болды.

Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен Медет Садығазин, Алғыс хатымен Дина Құспан мен Жанар Қонкаева марапатталды.

Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет саласының үздігі» төсбелгісі Майраш Халикова, Қайрат Қонкаев, Аида Садыкова, Айнаш Хабевке табысталды. Сондай-ақ министрліктің Құрмет грамотасымен Шәнім Бейбіт пен Еркежан Төлеубек, Алғыс хатымен Темірлан Мұқатай, Аружан Оразова, Дильназ Қиятова марапатталды.

Облыстық мәслихатының Алғыс хатымен Рауза Тәжібаева, Гүлжихан Хамитова, Жұмахан Доспаев, Бахаргүл Құрбанова, Айгерім Сүлейменова, Бауыржан Манатбекұлы, Самал Уразалимова марапат иегерлері атанды.

Қала әкімінің Алғыс хатымен Анар Аубакирова, Нұркен Тұрлыбек, Рауза Әмренова, Бейбітгүл Айткенова, Данияр Жұматаев марапатталды.

Қазақстан театр қайраткерлері одағының дара төсбелгісі Құралай Мусанова мен Айсұлу Балтабаеваға табысталып, Құрмет грамотасымен Надежда Буглакова мен Екатерина Тимонина, Алғыс хатымен Ерасыл Ерлан мен Заура Кенжебаева марапатталды.

Облыстық мәдениет, спорт, туризм, ақпарат, бюджеттік және мемлекеттік сала қызметкерлерінің жергілікті кәсіптік одағы тағайындаған «Еңбек даңқы» мерекелік медалі Владимир Шлегель мен Лариса Ломакаға берілді.

Ал облыстық мәдениет, тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы басшысының Алғыс хатымен Ақжан Кембаева, Жанар Назымбекова, Бахытгүл Қожахметова, Қайрат Кусаинов, Зейнеп Арықпанова, Айгүл Ташимова, Жанель Альмагамбетова, Юлия Михайленко, Дулат Хасенов, Руслан Билялов марапатталды.

Жиын жылы лебіздер мен шығармашылыққа толы жаңа жылға деген сеніммен аяқталды. Театр ұжымы алдағы уақытта да көрерменге сапалы өнер ұсынып, ұлттық мәдениетті дамыту жолында еңбек етпек.