Павлодарлық театр ақпанда екі ауданға гастрольдік сапармен барады
Ж.Аймауытов атындағы қазақ музыка-драма театры қыстың соңғы айында болатын қойылымдардың репертуарын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
3 ақпанда сағат 17:00-де Ш. Құдайбердіұлының «Ұждан» әфсанасы көрермендерге қайта жол тартады.
7 ақпанда сағат 12:00-де Ж.Әлікеннің «Қызыл гүлдер» элегиясы қойылады.
9 ақпанда сағат 18:00-де Қ.Жүнісовтің «Алғашқы махаббат» комедиясы ұсынылады.
16-17 ақпан күндері сағат 18:00-де О.Бөкейдің «Кербұғы» атты пластикалық драманың премьерасы болады.
21 ақпанда 12:00-де П.Вальдгардтың «Мысық үйі» музыкалық ертегісі көрсетіледі.
22 ақпанда 18:00-де Е.Төлеубайдың «Кербез келіндер» комедиясы қойылады.
23 ақпанда театр әртістері Май ауданына гастрольдік іс-сапармен барады. Олар аудан тұрғындарына О.Әубәкіровтың «Қожа мен спорт» ертегісін және Б.Соқпақбаевтың «Балалық шаққа саяхат» драмасын ұсынады.
24 ақпанда 17:00-де С.Ахмадтың «Келіндер көтерілісі» комедиясы қойылады.
27 ақпанда 18:00-де М.Ладоның «Болмаған оқиға» драмасы көрсетіледі.
28 ақпанда театр әртістері Тереңкөл ауданына гастрольдік іс-сапармен келеді. Өнер иелері «Отпен ойнама» ертегісін және «Балалық шаққа саяхат» драмасын қоятын болады.