Павлодарлық трассада минивэн аударылды

Павлодарлық трассада минивэн аударылды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көліктің жүргізушісі жазаланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Жаңақала ауылының жанындағы Омбы – Майқапшағай автожолында Mitsubishi Delica автокөлігінің жүргізушісі рөлге ие бола алмай, Lada Priora маркалы автокөлігімен соқтығысқан.

Салдарынан Mitsubishi Delica жолда аударылды. ЖКО салдарынан зардап шеккендер жоқ. Көлік құралына зақым келтіріп, жол ережесін бұзғаны үшін Mitsubishi жүргізушісі әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Көліктер мамандандырылған тұраққа қойылды.

Еске сала кетейік, таңертең дәл аталмыш тас жолында бес көлік соқтығысты. Бір адам көз жұмды.

Фото: облыстық ПД ұсынды.