Павлодарлық тас жолда бес көлік соқтығысты

Павлодарлық  тас жолда бес көлік соқтығысты
Фото: облыстық ПД ұсынды

Бір жолаушы көз жұмды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 4 ақпанда таңертең Павлодар ауылының жанындағы Омбы – Майқапшағай автожолында бес автокөліктің қатысуымен жол-көлік оқиғасы орын алды. Облыстық жедел жәрдем станциясына жол апаты туралы шақырту таңғы 08:45-те түсті. ЖКО салдарынан 1959 жылы туған әйел көз жұмды. Ол Mitsubishi автокөлігінің жолаушысы болған. 

Оқиға орнында жедел тергеу тобы әлі жұмыс істеуде. Қылмыстық іс қозғалды. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталуда.

Айта кетейік, синоптиктер сейсенбіде облыстың батысында, оңтүстігінде, шығысында қалың тұман түсетінін ескерткен. 

Полиция департаменті мұндай оқиғалардың алдын алу үшін жол қозғалысына қатысушыларға ауа райының өзгеруін бақылау, көлік көп жүретін жерлерде жылдамдық режимін сақтау және көлік құралының техникалық жағдайын бақылау маңызды екенін еске салады.