Павлодарлық жас инженерлер халықаралық чемпионатта жақсы нәтиже көрсетті

Павлодарлық жас инженерлер халықаралық чемпионатта жақсы нәтиже көрсетті
Фото: облыстық білім беру басқармасы ұсынды

Қазақстан Республикасынан 200 қатысушы және шетелден 37 қатысушы қатысты, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Астана қаласында «Robotek Grand Tournament» халықаралық чемпионаты өтті. Шара ұйымдастырушылары –  «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы, «Астана Дарын» дарынды балалар мен дарынды жастарды анықтау және қолдау орталығы, «Robotek» робототехника мектебі.

Чемпионатқа еліміздің барлық облыстарынан, сондай-ақ, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Әзербайжан, Молдова, Болгария, АҚШ елдерінен 200-ден астам мектеп оқушылары қатысты.

Чемпионатта жеті санат бойынша Павлодар облысын жеті команда таныстырды: «Роботек» (команда «J34» - Хамза Төлебай, Хамза Айару, Баянауыл ауданы  М.Ж.Көпейұлы атындағы ЖОББМ оқушылары), «Инверстік сызық бойымен жарыс» (команда «Абай» - Қасымжан Нұрғиса, Ашен Айнар Ертіс ауданы Абай  жалпы орта білім беру мектебінің  мектебінің оқушылары), «Жеткізуші робот» (команда «Runner» - Каирденов Рахат, Егеубай Рауан, Павлодар қаласы № 25 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары), «Мерген» (команда «J75» - Назымхан Ернар, Казтаев Казбек, Баянауыл ауданы М.Ж.Көпеев ат. ЖОББ мектебінің оқушылары), «РобоБаскетбол» (команда «Bayanaul-1» Дүйсенбек Елдар, Баян Ислам, Баянауыл ауданы Ш.Шөкин атындағы ЖОББМ, М.Ж.Көпейұлы атындағы ЖОББМ мектептерінің оқушылары), «Туды жеткізу» (команда «Bayanaul-2» - Аманжол Нұрлыбекұлы, Асқар Еламан (Баянауыл ауданы З.Ақышев ат. ЖОББ мектебінің оқушылары), «Сұрыптаушы робот» (команда «PK-87» -Камен Бауыржан, Пәзіл Ақберен, (Баянауыл ауданы Ш.Шөкин атындағы , З.Ақышев атындағы жалпы орта білім беру мектептерінің оқушылары). 

Чемпионат қорытындысы бойынша ІІ дәрежелі дипломдарымен және күміс медальдарымен «Абай» командасы – Қасымжан Нұрғиса, 7-сынып оқушысы Айнар Ашен, 5-сынып Ертіс ауданы Абайат. жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары иеленді. ІІІ дәрежелі дипломдарымен және қола медальдармен «Runner» команда - Каирденов Рахат,Егеубай Рауан,6 сынып Павлодар қаласы  № 25 жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары және  «J34» командасы - Хамза Төлебай, 4 сынып, Хамза Айару, 3 сынып, Баянауыл ауданы М.Ж.Көпейұлы атындағы жалпы орта білім беру мектебінің оқушылары иеленді.  Әр номинация бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер бағалы сыйлықтармен және дипломдармен марапатталды.