Павлодарлық жеткіншектер үшін шығармашылық әлемі есігін айқара ашты
Естай атындағы мәдениет сарайы балаларға арналған шығармашылық ұжымдарға қабылдау жариялайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ұйымдастырушылар жас таланттарды шығармашылық, достық және шабыт атмосферасында өз қабілеттерін ашуға шақырады.
– Бүгінгі таңда сарай желісіне сегіз мәдени-демалыс бөлімшесі кіреді. Мұнда 2 500-ден астам қатысушыны біріктіретін 67 клубтық үйірме жұмыс істейді. Өнер ордасында әркім өзіне ұнайтын бағытты таңдауға мүмкіндігі бар. Атап айтқанда, хореография, вокал, театр өнері және қолөнер секілді сан түрлі үйірмелер жұмыс істеп тұр, – деді Естай атындағы мәдениет сарайының баспасөз қызметі.
Қабылдау шарттары мен қосымша ақпаратты білу үшін 8 (7182) 53-79-71 немесе 53-51-45 телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.