Павлодарлықтарға көшеге шықпауға кеңес беріледі

Павлодарлықтарға көшеге шықпауға кеңес беріледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Атмосфераның ластану деңгейі нормадан асып кетті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ауаның сапасын бақылайтын және ауаны тазартатын өнімдерді әзірлейтін швейцариялық «IQAir» компаниясының мәліметінше, қазіргі таңда Павлодар облысында ауаның ластану деңгейі орташа. Ауа сапасының индексі 60 AQI⁺ США деңгейінде бағаланды.

Облыста РМ2,5 концентрациясы – 14, бұл – Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының стандартынан 2,8 есе жоғары.

РМ2,5 – бұл минералды тұздардың, күйе, құм және асфальт, ауыр металл, өсімдік тозаңдары микробөлшектері, аэрозольді ластаушы заттар мен газдардың ұсақ тамшылары. Ал 2,5 өлшем - 2,5 микрометрлік бөлшектердің өлшемі.

Шетелдік компания жақын күндері атмосфералық ауаның өзгеруіне сезімтал адамдарға ашық ауада физикалық белсенділікті азайтуға, үйдегі терезелерді ашпауға және бетперде киіп жүруге кеңес береді.

8 желтоқсанға дейін ауаның ластануы 10 AQI⁺ США деңгейіне дейін біртіндеп төмендейді деп болжануда.