Павлодарлықтарға осы аптада көшеге жиі шығу ұсынылады

Павлодарлықтарға осы аптада көшеге жиі шығу ұсынылады
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Қаладағы ауа сапасының көрсеткіштері жақсы болатын сәттер сирек кездеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Әлемдегі атмосфералық ауаның сапасына мониторинг жүргізетін швейцариялық «IQAir» компаниясы Павлодарда ауа сапасын 12 AQI⁺ деңгейінде бағалайды. Бұл – қаланы жасыл рейтингке қосқан оң көрсеткіш.

– Қазіргі уақытта PM2.5 концентрациясы Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ұсынған орташа жылдық мәнге сәйкес келіп, бір текше метрге 2,3 микрограммды құрайды, – дейді компания сарапшылары.

«IQAir» осы аптада далаға көбірек шығуға және үйіңізде терезелерді ашуды ұсынады.

Жасыл индекс 29 қаңтарға дейін сақталады деп болжануда.

Айта кетейік, PM2. 5 бөлшектері – ауадағы қатты микробөлшектер мен сұйықтықтың ең кішкентай тамшылары (диаметрі 10 нм-2,5 мкм).