Павлодарлықтар қанша пайдаланылған шыршаны қайта өңдеуге тапсырды?

Павлодарлықтар қанша пайдаланылған шыршаны қайта өңдеуге тапсырды?
Фото:pixabay.com

Ағаш пен бұтақтар Барынтал ауылындағы «Дом приют надежд» баспанасын жылыту үшін отын ретінде жаратылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының мәліметінше, 15 қаңтарда бастау алған науқан барысында үш мекенжайда шыршаларды қабылдау пункті жұмыс істеген. Бүгінде «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында «Шырша жануарларға көмектеседі!» табиғатты қорғау шарасы аяқталды. Облысқа жеткізілген 6050 шыршаның 9-10 пайызы қайта өңделді

– Осы уақыт ішінде табиғатқа бей-жай қарамайтын азаматтар 531 шыршаны тапсырды. Акцияның әр қатысушысы алғыс ретінде тәтті сыйлық алды. Барлық шыршалар қайта өңделді, – деді облыстық орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі аумақтық инспекциясының бас маманы Альмира Жингулова. – Мемлекеттік инспектор, орманшы Ғинатолла Табұлғинов таңертеңнен кешке дейін бізге көмектесті. Ол бұтақтарды ағаштан бөліп, отын дайындап жүрді. 

Өңделген отын Барынтал ауылындағы жануарлар паналайтын үйге жеткізілді. Ол жерде 324 жануар бар. Бұтақтар мен қылқандар ас және төсеніш ретінде пайдаланылды.