Павлодарлықтар Ұлттық домбыра күнін қалай атап өтеді?
Қала тұрғындары мен қонақтарын концерттер, музыкалық кештер және шығармашылық бағдарламалар күтуде, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
5 шілде күні облыс орталығында қазақ мәдениетінің басты рәміздерінің бірі – Ұлттық домбыра күніне орай мазмұнды мерекелік бағдарлама ұйымдастырылады. Тақырыптық іс-шаралар қалада ғана емес, ауылдық аймақтардағы мәдениет үйлерінде де өтеді.
Павлодар қаласы:
12:00-де Batyr Mall сауда-ойын-сауық орталығында «Шаңырақ сазы» атты концерт өтеді.
14:00-де орталық мәдениет және демалыс саябағында «Қасиетті домбыра» атты мерекелік концерттік бағдарлама
15:00-де өнерпаздар Batyr Mall сауда-ойын-сауық орталығының келушілеріне өнер көрсетеді.
15:00-де орталық қалалық кітапханада «Қазақ даласын тербеген күйлер» атты музыкалық кеш.
19:00-де Ertis Promenade сахнасында Ұлттық домбыра күніне арналған үлкен концерт.
Ақсу қаласында:
11:00-де орталық кітапханада «Домбыра - ұлт үні» атты әдеби-музыкалық кеш.
Екібастұз қаласында:
11:00-де «Атамұра» МО «Домбыра, жүрегіммен үндес едің...» концерт.
Сонымен қатар, 5 шілде күні сағат 11:00-де «Домбыра үні шарықтасын!» музыкалық акциясы басталады. Ұлттық аспаптың үні орталық қалалық кітапханада, «Шаңырақ» орталығында, Теміржолшылар шағынауданы клубында, сондай-ақ Атамекен, Кенжекөл, Павлодар, Мойылды және Жетекші ауылдарының мәдениет үйлерінде шырқалады.
Сағат 12:00-де мерекелік шаралар эстафетасын Жаңаауыл шағынауданы клубы мен Павлодардың орталық алаңы қабылдайды.
Мереке қарсаңында облыстың ауылдық аймақтарындағы мәдениет үйлерінде де тақырыптық іс-шаралар өтеді. Қонақтарға «Домбыра – ұрпақ мұрасы» танымдық-шығармашылық бағдарламасы, «Домбыра – халық даналығы» музыкалық-танымдық бағдарламасы, «Домбыра – менің өмірім» күй кеші және «Домбыра сазы» шығармашылық үйірмесі қатысушыларының есептік концерті ұсынылады.