Павлодарлықтар бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатыса алады

Павлодарлықтар бос жұмыс орындар жәрмеңкесіне қатыса алады
Фото: pexels.com/Vojtech Okenka

Тұрғындар жұмыс берушілермен тікелей тілдеседі, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

12 желтоқсанда сағат 11:00-де Ломов көшесі, 38 мекенжайында бос орындар жәрмеңкесі өтеді.

– Сіздерде сол жерде-ақ сұхбаттасудан өту, өңірдің жетекші компанияларынан ұсынылған вакансиялар туралы білу мүмкіндігі болады, – деді хабарламада.

 Сондай-ақ, келушілерге резюме дайындау және мансап жолы бойынша пайдалы кеңестер беріледі.