Павлодарлықтар энергия көрсеткіштерін қалай тапсыра алады?

Жылу және электр энергиясының есептегіш көрсеткіштерін тапсырудың бірнеше жолы бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Павлодарэнерго» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, көрсеткіштерді WhatsApp чат-боты арқылы +7 (702) 739-54-53 нөміріне немесе Telegram чат-боты арқылы @ПРЭКбот аккаунтына жолдауға болады. Сондай-ақ, 8 (7182) 903-309 нөміріне IP-телефония/дыбыстық пошта арқылы хабарласуға болады.
Бұдан бөлек, көрсеткіштерді ұялы телефон арқылы беруге болады: қоңырау шалу үшін 8 (701) 031-73-23, ал SMS жолдау үшін 8 (701) 351-94-74 нөміріне хабарласыңыз. Электрондық пошта арқылы kps@pavlodarenergo.kz поштасына хат жазуға да болады.
Егер сіз жазбаша түрде тапсырғыңыз келсе, Кривенко көшесі, 27 мекенжайындағы кеңседегі арнайы жәшікке өтініш қалдыруға болады. Сонымен қатар, www.pavlodarenergo.kz сайтындағы жеке кабинетке тіркеліп, көрсеткіштерді өзіңіз енгізіп, бақылай аласыз.