Павлодарлықтар мемлекеттік қызметті өздігінен алуды үйренді
«Қызметті өзің ал» акциясы ұйымдастырылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Іс-шараны «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» Павлодар облысы бойынша филиалы ҚР Мемлекеттік қызмет істері Агенттігінің Павлодар облысы бойынша департаментімен бірге өткізді.
– Өңір тұрғындары үшін өткізілген іс-шара облыс орталығындағы Кривенко көшесі, 25 мекенжайындағы бөлімшеде өтті. Мекемеге келушілерге eGov.kz порталы және eGov mobile мобильді қосымшасы арқылы электрондық мемлекеттік қызметтерді алу туралы түсіндіру жұмыстары жүргізілді, – дейді «Азаматтарға арналған үкімет» МК» Павлодар облыстық филиалында.
Тұрғындардың қызықтырған сұрақтарына жауап берілді. Мамандар 30-ға тарта адамды қамтыды.
Айта кетейік, Egov mobile электрондық үкіметінің мобильді қосымшасын Google Play-де және AppStore-да жүктеуге болады. Аталмыш қосымша мемлекеттік қызметтерді оңай әрі жылдам алуға мүмкіндік береді.