Павлодарлықтар мереке күндері жарық үшін төлемді қалай жүргізе алады?

Павлодарлықтар мереке күндері жарық үшін төлемді қалай жүргізе алады?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Павлодар және Ақсу қалаларының тұрғындары үшін сервистік орталықтардың мереке қарсаңындағы жұмыс уақыты мен демалыс күндері белгілі болды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

«ПАВЛОДАРЭНЕРГО» АҚ баспасөз қызметінің мәліметінше, 31 желтоқсан күні барлық сервистік орталықтар мен төлем қабылдау пункттері үшін қысқартылған жұмыс күні болып жарияланды. 

Павлодар қаласында Кривенко көшесі, 27, Ломов көшесі, 160 және Академик Сәтбаев көшесі, 101 мекенжайындағы орталықтар 8:30-дан 15:30-ға дейін тұтынушыларды қабылдайды.

Ақсу қаласының тұрғындары үшін Вокзал көшесі, 11 және Қамзин көшесі, 33 мекенжайындағы пункттер 8:00-ден 15:00-ге дейін қызмет көрсетеді.

2026 жылғы 1, 2, 3 және 4 қаңтар – ресми демалыс күндері. Бұл күндері сервистік орталықтар жұмыс істемейді.

Уақытты үнемдеу үшін төлемдерді «Kaspi Bank» (Kaspi.kz) және «Қазақстан Халық Банкі» (Halyk) мобильді қосымшалары, сондай-ақ «Kassa.24» терминалдары арқылы жүргізуге кеңес беріледі. Жеке кәсіпкерлер де компания қызметтері үшін ақыны Kaspi.kz немесе Kaspi Pay қосымшаларындағы деректемелер арқылы оңай төлей алады.