Павлодар облысында қаңтарда температура -41°С-қа дейін төмендейді

Павлодар облысында қаңтарда температура -41°С-қа дейін төмендейді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

«Қазгидромет» РМК-ның синоптиктері желтоқсан айында қандай ауа райы күтілетінін болжады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Ай бойына орташа ауа температурасы -14,4…-19,0°С шамасында болады деп күтілуде, бұл қалыптан 1°С төмен (қалып: -13,0…17,8°С).

Бірінші онкүндікте түнде ауа температурасы -23…-28°С-тан -30…-35°С-қа дейін, күндіз -13…-18°С-тан -20…-25°С-қа дейін төмендейді. Кейін түнде -13…-18°С-қа, күндіз -3…8°С-қа дейін жоғарылауы болжанады.

Айдың екінші онкүндігінде түнде температура -13…-18°С-тан -28…-33°С-қа дейін, күндіз -3…8°С-тан -18…-23°С-қа дейін өзгеріп отырады.

Қаңтра айының соңғы он күнінде түнде -33…-38°С-қа дейін, күндіз -23…-28°С-қа дейін төмендейді. Облыстың солтүстігінде түнде -41°С, күндіз -31°С болуы мүмкін. Кейін түнде -23…-28°С, күндіз -13…-18°С-қа дейін көтеріледі.

Айдағы жауын-шашын мөлшері қалыптағыдай болады деп күтілуде (қалып: 11-18 мм).

Болжам бойынша, бірінші онкүндіктің соңында, екінші онкүндіктің басы мен соңында қар, боран, жел 15-20 м/с күтіледі. Тұман бірінші және үшінші онкүндіктердің басында пайда болуы мүмкін. Қар қатып, тайғақ жолдар бірінші онкүндіктің соңында күтіледі.