Павлодарлықтардың орташа айлық жалақысы қанша?

Павлодарлықтардың орташа айлық жалақысы қанша?
Константин Шелковтың иллюстрациялық суреті

Шағын және орта бизнес саласында үшінші тоқсанның соңына қарай өңірдің 141,9 мың тұрғыны еңбек еткен, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық статистика департаментінің мәліметінше, үшінші тоқсанда есептелген орташа айлық жалақы 405,7 мың теңгеге жеткен. Бұл 2024 жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 12,4 пайызға жоғары.

Жалдамалы жұмыста 192,2 мың адам еңбек етеді.

Өңірде жұмыссыздық деңгейі жұмыс күшінің 4,9 пайызын құрайды. Ағымдағы жылдың қаңтар айының соңында жұмыссыздар саны 13 мың адамға жеткен. Бұл жұмыс күшінің 3,2 пайызына тең.