Павлодарлық ата-аналар балалары мектепте төбелес шығарса не істеу керек?
Балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева іс-әрекеттер алгоритмімен бөлісті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Омбудсменға қала тұрғыны жазып, түсініксіз жағдайда шешім табуға көмек сұрады.
– Менің 11 жасар ұлымды мектепте 4-ші сабақтан кейін үзіліс кезінде басқа оқушы ұрып тастады. Маған мұғалім қоңырау шалып, медициналық пунктте баланың ерніндегі жараны емдеп, үйге жібергенін айтты. Ұлым үйге жылап келді. Ерні жарылған, денесінде көгерген жарақаттар болды, – деп жазды әйел.
Оқиғаның мән-жайын білгісі келген ата-ана мектептің бейнекамераларындағы жазбаларды көрмекші болған. Алайда белгісіз себептерге байланысты болған жағдайдың сәттерін қайта қарап шығуға мүмкін болмады.
Бұл жағдайға қатысты қалалық білім беру бөлімі түсінік берді.
– Павлодарлық мектепте үзіліс кезінде 6 және 7-сынып оқушылары арасында жанжал орын алды. Кезекшілік кезінде 6-сынып оқушысы 7-сынып оқушысына ескерту жасап, дәлізде жүгірмеуін өтінді. Оқушы өтінішті елемей, 6-сынып оқушысын ерін мен құлақтан ұрды. Оқиғадан кейін баланы мектептің медицина қызметкері тексеріп, қажетті көмек көрсетті, – деді бөлімде.
Медбикенің айтуынша, жедел жәрдем шақыруға ешқандай дәлел болған жоқ. Сынып жетекшісі баланың ата-анасымен байланысып, жағдайды түсіндірді. Мұғалімнен түсіндірме алынды.
– Зардап шеккен оқушының ата-анасы мектепке келіп, қауіпсіздік камераларынан жазба ұсынуды өтінді. Сондай-ақ әңгіме өткізу үшін 7-сынып оқушысының әкесі шақырылды. Зардап шеккен баланың анасы қатыса алмады және кездесуді басқа күнге ауыстыруды өтінді. Кейінірек ата-ана жарақат алу пунктіне және полицияға жүгінді, – деп атап өтті бөлімде.
Балалар құқықтары жөніндегі өңірлік уәкілі Сәуле Шәкенева осындай кезде ата-аналар қандай әрекет ету керектігін түсіндірді.
– Егер сізге мектептен қоңырау шалып, балаңыз төбелес, құлау, ұрып-соғу не басқа себептің нәтижесінде жарақат алғанын хабарласа, сіз оны үйге өз бетіңізше жіберуге рұқсат бермеу қажетсіз. Өзіңіз сол мектепке дереу баруға міндеттісіз. Егер мектеп әкімшілігі сізге дейін жедел жәрдем шақырмаса, баланың жағдайына қарай бригаданы шақыру керек, – деді Сәуле Шәкенева.
Сондай-ақ, бейнебақылау камераларынан жазбаларды қарап шығып, заңсыз әрекеттерге күдік болса, полицияны шақыру қажет.