21 қарашада Павлодар облысында көктайғақ күтіледі

21 қарашада Павлодар облысында көктайғақ күтіледі
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Желдің жылдамдығы секундына 15-20 метрге дейін жетеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Қазгидрометтің мәліметінше, жұма күні ауа температурасы 0...+5 °C болады. Қар аралас жаңбыр жауып, облыстың оңтүстігінде, батысында көктайғақ, тұман болжануда.

Павлодарда сынап бағанасы 0...+2 °C-ты көрсетеді. Бұлтты, қар аралас жаңбыр жауады, көктайғақ болады.