Павлодарлық айтыскер республикалық додада үздік атанды
Айтыс халықаралық деңгейде өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Қаражал қаласының 60 жылдық мерейтойы аясында ұйымдастырылған халықаралық айтыста павлодарлық айтыскер Аспанбек Шұғатаев бас жүлдені иеленді. «Келешегі кемел – кенді өлке» атты айтысқа 10-нан астам айтыскер қатысты.
Бұл айтысқа Қырғызстан Республикасынан Ақматбек Сұлтанұлы, Мақсат Кулуев, Асылбек Маратов, Изат Айдарқұлова келсе, Қызылордадан Иранғайып Күзенбаев, Ержан Әмір, Қарағандыдан Мақсат Аханов пен Дидар Қами, Ұлытаудан Өміржан Көпболсын, Астанадан Мейірбек Сұлтанхан, Алматыдан Қазырет Бердіхан барса, Павлодар облысының намысын Аспанбек Шұғатаев қорғады.
– Ұлтыңды жеткізе бер баққа дәйім, 60 жылдық тойыңнан бас жүлде алып, ақырын ауылыма аттанайын. Кенді өлке – Қаражалдың сыйлығы деп, Қаныштың ауылына ап барайын, – деді Аспанбек Шұғатаев кеш соңында.
Айта кету керек, аталмыш жарыста павлодарлық айтыскер ақын 1 000 000 теңгелік сертификатқа ие болды.