Павлодарлық студент Қазақстан чемпионатында үздік атанды

Павлодарлық студент Қазақстан чемпионатында үздік атанды
Фото: @margulan_university

Жарыс белбеу күресінен өтті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Қазақстан чемпионаты еліміздің ең мықты жас спортшыларының басын қосты. Палуандар шайқасында Марғұлан университетінің студенті Әсел Манап жоғары дайындық пен шеберлік танытып, 76 келі салмақ дәрежесінде алтын медальді жеңіп алды.

Университетте атап өткендей, Әселдің бұл жетістігі оның таланты мен еңбекқорлығын дәлелдеп қана қоймай, басқа студенттерге де үлгі болуда. Оның жеңісі табанды жаттығулар мен сүйікті спорт түріне берілгендігінің нәтижесі болды.