Павлодарлық баскетболшылар «легионерлерге» жылы қабақ танытпады

Павлодарлық баскетболшылар «легионерлерге» жылы қабақ танытпады

Бұл қарсыластар арасындағы екі матч ішіндегі біріншісі ғана, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Матч басталысымен «Ертіс» пен «Алматинский Легион» арасындағы текетірес тартысты күреске ұласты. Бірінші ширек нәтижесі бойынша павлодарлықтар қарсыластарына сәл ғана ұтылды – 27:25. Өкінішке орай, келесі екі кезеңде алматылықтар басымдығын мығымдай түсті.

Дегенмен, ойынның бар қызығы алда болды. Төртінші ширекте «Ертіс» матч тізгінін толықтай қолға алып, алматылықтарды тықсырып бақты. Нәтижесінде 33:21 есебімен төртінші кезең павлодарлықтар пайдасына шешілді. Алайда қорытынды жеңісті бәрібір «Алматинский Легион» жұлып алды – 106:98.

Павлодарлықтар әзірше Ұлттық баскетбол лигасының соңғы орнында келеді, алматылықтар болса, турнир кестесінің алтыншы орында.

Бүгін қарсыластар қайта кездеседі. Ойын ОРМБЖМ №2 (бұрынғы «Автомобилист» СК) алаңында сағат 18.00-де басталады.