Павлодарлық баскетболшылар елордалық командамен бақ сынайды

Павлодарлық баскетболшылар елордалық командамен бақ сынайды
Фото: ашық дереккөзден

Матч Павлодарда өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының мәлімдеуінше, Ұлттық лиганың ерлер командалары арасында баскетболдан ҚР XXXII чемпионаты өтеді. 

Павлодарлықтар өз алаңында «Астана академиясы» командасын қабылдайды. Жанкүйерлер мен баскетбол әуесқойлары 1-2 желтоқсан күндері сағат 18.00-де Қамзин көшесі, 39/1 мекенжайындағы бұрынғы «Автомобилист» спорт кешеніне шақырылады.

Кіру тегін. Өз командаңның жанкүйері бол!