Павлодарлық дәрігерлер ауылдағы әріптестеріне көмектесті

№1 Павлодар облыстық перинаталдық орталығының қызметкерлері облыстың қалалары мен аудандарын аралауда, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Медициналық қызметкерлердің кураторлық жұмыстары жалғасуда, акушер-гинекологтар, неонатологтар, анестезиологтар, реаниматологтар және орталықтың басқа да мамандары дәрігерлерге ауыл-аймақта көмек көрсетуде. Мәселен, дәрігерлер Май ауданына барды.
– Біздің қызметкерлер жүкті әйелдер мен балалардың хал-жағдайларын біліп қайтты. Дәрігерлер әйелдер мен жаңа туған нәрестелерге стационарлық көмек көрсетудің сапасымен, сондай-ақ медицина қызметкерлерінің білімі мен біліктілігімен, практикалық және ұйымдастырушылық көмекпен танысты. Дәрігерлер босану, жаңа туған нәрестені күту және пациенттерге кеңес беру тәжірибесін бақылап отырды, - дейді перинаталдық орталықтың акушерлік бөлімінің үйлестірушісі және облыстық денсаулық сақтау басқармасының штаттан тыс бас акушер-гинекологы Любовь Ходырева.
Сонымен қатар, физиологиялық және патологиялық босануды басқару сапасын, дені сау және ауру жаңа туған нәрестелерге қатысты неонаталдық тәжірибені бағалау үшін бастапқы медициналық құжаттамаға талдау жүргізіліп, дәрігерлер мен акушерлердің білім деңгейі мен практикалық дағдылары бағаланды.
Орталық дәрігерлері бұған дейін Ақсу, Железин, Ертіс, Шарбақты аудандарында болды. Келесі кезекте Тереңкөл және Екібастұз өңірлері тұр.