Павлодарлық емхана кішкентай тұрғындарды ашық есіктер күніне шақырады
Балаларды бейінді мамандар қабылдайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
31 мамырда таңғы сағат 9:00-ден 16:00-ге дейін Павлодар облыстық балалар ауруханасының консультативтік-диагностикалық емханасында 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау күнінің қарсаңында ашық есіктер күні өтеді.
Ашық есік күні 0-ден 18 жасқа дейінгі балаларға хирург, ортопед, лор, невропатолог, гастроэнтеролог, кардиолог, эндокринолог, көз дәрігері, нефролог, онкогематолог, нейрохирург, сурдолог, психолог, сурдопедагог, аллерголог консультациялық көмек көрсетіледі.
Қабылдау алдын ала жазылусыз, мамандарды қабылдау уақытында, кезек тәртібімен жүзеге асырылады.