Павлодарлық еріктілер Шарбақты тас жолында жоғалып кеткен азаматты іздеуді жалғастыруда
Жанат Инцыбаевтың денсаулығында аздаған кінәрат бар, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Ер адамды іздеу жұмысы Шарбақты тас жолының бойында орналасқан Железнодорожный, Жетекші және басқа да ауылдардың тұрғындары арасында жүргізілуде. Еріктілер «Мелиоратор», «Фрегат», «Северный» және т.б. бағбандықтардың тұрғындарына қырағылық танытыуды сұрайды.
- Біз Жанаттың қалаға оралуын немесе Успен тас жолына, электролиз зауытына қарай жүру мүмкіндігін жоққа шығармаймыз, - дейді еріктілер өз болжамдарымен. - Ер адам адамдардан қашады. Одан бірдеңе сұраса басын изеп қана жауап береді.
Жанат ірі денелі келген. Үстінде көгілдір жейде, қара спорттық шалбар, аяғында қара гельді тәпішке болған.
Жанат Инцыбаев агрессивті емес. Бірақ ол біреуге жақындап су, тамақ сұрай алмайды. Ер адам ішпейді, темекі шекпейді. Ол өзін аздап біртүрлі ұстап, себепсіз күліп, жапырақ жейді.
Жоғалған адам туралы мәлімет білетіндерден волонтерлердің +7 747 615 55 63 (Катерина) немесе +7 777 334 82 01 (Светлана) телефондарына хабарласуын сұрайды.
Айта кетелік, Жанат 12 шілде күні Мүткенов көшесі, 50-үйден сағат 20:30-да шығып кеткен. Анасы артынан Шарбақты тас жолына дейін жүгіріп барған. Өкінішке қарай, тас жол бойында ұлынан көз жазып қалған.