Павлодарлық фотостудия суретке түсіруді үйретеді
F2 студиясы соңғы бес жылда тоғыз жастан бастап балаларға да, ересектерге де фотографияны үйретеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
2024 жылдың 1 тамызында сағат 15.00-де С. Торайғыров атындағы облыстық кітапхананың «Айна» галереясында «От 10 и старше» атты F2 студиясы жас түлектерінің фотокөрмесі ашылады.
F2 студиясы соңғы бес жылда тоғыз жастан бастап балаларға да, ересектерге де суретке түсіруді үйретеді және фотография өнеріне деген қызығушылықты жандандырады. Балалардың фотосуреті белсенді дамып келеді және қазіргі уақытта студия 70-ке жуық баланы оқытып шығарды, олардың ішінен ең қызықты жас авторлар таңдалды.
Сондай-ақ, көрмеге 10 жастан 19 жасқа дейінгі сегіз автордың 40 жұмысы ұсынылады.
Айта кетейік, көрмені 2024 жылдың 1 қыркүйегіне дейін тамашалауға болады.