Павлодарлық ХҚО мереке күндеріндегі жұмыс кестесін жариялады

Павлодарлық ХҚО мереке күндеріндегі жұмыс кестесін жариялады
Фото: Константин Шелков

Дүйсенбі орталық қысқартылған режимде жұмыс жасайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Мемлекеттік корпорация 16 желтоқсанда Тәуелсіздік күні мерекесіне орай, ХҚО-лар мен мамандандырылған ХҚО-лар жұмыс істемейтінін хабарлайды.Ал, 18 желтоқсанда сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін азаматтарды тек кезекші ХҚКО-лар ғана қабылдайды.

        

19 желтоқсаннан бастап Мемлекеттік корпорация әдеттегі кесте бойынша жұмыс істейтін болады.  

        

Естеріңізге сала кетейік, орталықтар азаматтарды жұмыс күндері сағат 9:00-18:00 аралығында қабылдайды. Кезекші ХҚО-лар дүйсенбі мен жұма аралығында 9:00-ден 20:00-ге дейін және сенбі күндері сағат 9:00-ден 13:00-ге дейін жұмыс істейді.