Ақсудағы саяжайда кәуәп жасамақшы болған тұрғын жауапкершілікке тартылды
Ол адам айыппұл арқалауы мүмкін, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Бұл туралы Павлодар облыстық төтенше жағдайлар департаменті мәлім етті.
- Ягодка саяжай бақшасында жүргізілген кезекті іс-шаралар барысында Ақсу қаласының төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері құрғақ шөп пен қоқысты өртеу, мангалды өрт қауіпсіздік ережелерінің сақтамай қолданудың фактілерін анықтады, - деді департаментте.
Құқық бұзушылар анықталып, ҚР ӘҚБтК-нің 20 АЕК көлемінде айыппұл салуға әкеп соғатын 336-бабы және 410-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Фото: ашық дереккөздерден