Павлодарда арнайы экономикалық аймағына апаратын қосымша жолдар салынады

Павлодарда арнайы экономикалық аймағына апаратын қосымша жолдар салынады

Жоспарларға электр қосалқы станциясының құрылысы да кіреді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыс әкімі Асайын Байханов жұмыс сапарымен арнайы экономикалық аймаққа барып келді. «Павлодар» арнайы экономикалық аймағының басқарушы компаниясының басқарма төрағасы Мәдениет Ахметов мәлім еткендей, бұл саладағы инфрақұрылым 65,8 пайызға дамыған.

– Арнайы экономикалық аймақтың инфрақұрылымын жүз пайыз дамыту үшін қырық мегаватт қуаттылығы бар авто мен темір жол және қосалқы станса салу қажет. Жолдың ұзындығы 4,7 шақырым, жобаның құны 1,1 миллиард теңге, – деді спикер. – Бюджеттік өтінім Индустрия және құрылыс министрлігіне және Павлодар қаласының әкімдігіне жіберілді. Құрылыс-монтаж жұмыстарын қаржыландыру мүмкіндігін қарастыруды өтінеміз.

Мәдениет Ахметовтің айтуынша, облыстық құрылыс басқармасы салалық-экономикалық қорытындыны жұмысқа қабылдаған, теміржол бойынша конкурстық рәсімдерге материалдар дайын.

Қазіргі уақытта арнайы экономикалық аймақтың аумағында 6,1 шақырым теміржол рельстері бар, оларды тек 13 кәсіпорын пайдалана алады. Басқа салаларға да қажеттілік бар, сондықтан жолды екі кезеңмен 13-14 шақырымға дейін ұзарту жоспарда бар. Осыдан кейін 24 кәсіпорын жүк тасымалдай алады.

– Темір жолдың екінші кезегін салудың сметалық құны миллиард теңгеге жуықтайды. Біз жобаны 2025-2026 жылдары жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз, – деді Мәдениет Ахметов. – Қосалқы стансаның салынуы электр қуатының тапшылығы мәселесін шешеді. Ведомстволық емес сараптама бюджет қаражаты есебінен жүргізіледі. Жобалық-сметалық жұмыстарды аяқтау мерзімі – 2025 жылдың қазан айы. Жобаны 2026-2027 жылдары жүзеге асыруды жоспарлап отырмыз.

Ал «Павлодар электржелістік Тарату компаниясы» АҚ басшысы Александр Глотовтан қосалқы стансаның құрылысы оңтайлы шешім болып табылатынын түсіндірді. Ол сыртқы электрмен жабдықтау схемасы ең қолайлы нұсқа екенін растады. Павлодар облыстық құрылыс басқармасының басшысы Асқар Ажмұрат жобалаушы қосалқы станцияның өзін және «Промышленная» қосалқы стансасынан арнайы экономикалық аймақ дейінгі бағытты әзірлеп жатқанын айтты. Алдын ала 17 миллиард теңге көлемінде қаражат қажет болады.

– Мұндай жобалар Үкімет үшін басымдық болып табылады, – деп еске салды облыс әкімі. – Бүкіл салық реформасы қосымша салық төлемдерінен түскен қаражат есебінен инвестициялық жобаларды, соның ішінде жаңа инженерлік желілер салуды қаржыландыруға бағытталды. Энергетика саласында кәсіпкерлік нысандар электр қуатының тапшылығын сезінбеуі керек.

Отырысты қорытындылаған аймақ басшысы арнайы экономикалық аймақ жобалардың қымбаттылығына байланысты республикалық бюджеттен қаржы сұрауы мүмкін екенін атап өтті.

– Одан нәтиже шықпаса, 2026 жылға арналған жоспар бойынша жергілікті бюджеттен қаржыландырамыз. Тым болмаса темір жолдың екінші кезеңін аяқтап, тас жолды қосуымыз керек, – деп түйіндеді сөзін Асайын Байханов.

Аймақ басшысы жыл соңына дейін электр желілері мен қосалқы стансалар бойынша мемлекеттік сараптамадан өтіп, республикалық бюджеттен қолдауға өтінім беру міндетін қойды.

Фото: Константин Шелков