Павлодарлық мектеп оқушысы Алиханов атындағы грант иегері атанды
8-сынып оқушысы 500 мың теңгелік сертификат ұтып алды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
«Добрая домашка» ЖШС мәліметінше, Лев Колесников – Шапық Шөкин атындағы гимназия мектебінің оқушысы және «Жеті жарғы» жобасының түлегі болып келеді. Жоба аясында түлектер арасында өткен эссе сайысының үздігі атанған.
Байқау нәтижесі белгілі болған кезде Лев сапарда болған. Сол себепті сертификатты табыстау салтанаты кейін жеңімпаздың мектебінде өтті.
– Бұл жобаға рахмет айтқым келеді! Білім министрлігіне де рахмет! Жобаны қолдап отырғандарыңыз үшін алғысымды білдіремін, – деді Лев.
«Жеті жарғы» жобасы өткен жылы жұмыс істеді. Оның тыңдаушылары тәжірибелі жаттықтырушылармен заңтану, экономика және бизнес, сондай-ақ жеке қауіпсіздік мәселелерін зерттеген жас павлодарлықтар болды.