Павлодарлық мектепте ата-ана мен мұғалім арасында жанжал орын алды

Ер адамда қызының үлгеріміне қатысты сұрақтар туындап, оның себебін дөрекі түрде педагогтан білуге тырысқан, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық полиция департаментінің мәліметінше, № 5 жалпы орта білім беру мектебіндегі оқиға күндізгі уақытта пән бойынша жиынтық бағалау нәтижесіне көңілі толмаған оқушының әкесі мен мұғалімнің арасында болған.
Жанжал қатысушылары өзара татуласты, бір-біріне шағымдары мен талаптары жоқ. Сонымен қатар, ата-анамен педагогқа қатысты орынсыз мінез-құлыққа жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме жүргізілді.