Павлодарлықтарды кәсіби ән айтуға үйретеді

Павлодарлықтарды кәсіби ән айтуға үйретеді
Фото: pexels.com

Облыс орталығында вокал бойынша шеберлік сабақ өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

28 ақпанда Жастар бастамаларын дамыту орталығында музыка әуесқойлары мен талантты әншілер үшін вокал бойынша шеберлік сабақ ұйымдастырылады. 

– Бұл сіздің шеберлігіңізді арттырудың, вокалдық әлеуетіңізді ашудың және аудитория алдында сенімді сөйлеуді үйренудің бірегей мүмкіндігі,– деді орталықта. 

Шеберлік сабақ Кривенко көшесі, 25а мекенжайында 16:00-де басталады. Орындар саны шектеулі. Алдын ала 8(747)257-76-24 нөмірі арқылы тіркелуге болады.