Павлодарға Jah Khalib келеді

«Ertis Promenade» сахнасында жазғы маусымның ашылуы өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Бұл туралы шаһар басшысы Хасар Хабылбеков Instagram парақшасында мәлімдеді.
– Құрметті павлодарлықтар мен қала қонақтары! Сіздерді Ertis Promenade 2025 жазғы маусымының ашылуына шақырамыз! 1 маусым күні сағат 19:00-де қаланың басты сахнасында күтеміз, – делінген хабарламада.
Кештің хедлайнерлері Балжан Бидаш, Байтанат және арнайы қонақ Jah Khalib болады.
Посмотреть эту публикацию в Instagram