Павлодарда 65 жастан асқан зейнеткерлерге медициналық көмек үйде көрсетіледі

Павлодарда 65 жастан асқан зейнеткерлерге медициналық көмек үйде көрсетіледі
Фото: Константин Шелков

Енді зейнеткерлерге медициналық қызмет үшін емханаға барудың қажеті болмайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз конференциясында №5 емхана меңгерушісінің орынбасары Оксана Валова мәлім етті.

Кезекте тұрғанда түсініспеушіліктер болмас үшін алдын ала тіркеліп қойған тұрғындардың кестесін іліп қоямыз. Егде жастағы тұрғындар электронды түрде кезекке тұра алмаған соң ұзақ уақыт медициналық қызметті тосып қалып жатады. Осы мәселені қарастырып, бүгінгі таңда 65 жастан асқан тұрғындарды үйлерінде қабылдауды ұйғардық, – дейді Оксана Валова.

Оның айтуынша, тұрғындар медициналық көмекке мұқтаж болған жағдайда қосымшадағы кезекте жақын уақытқа орын болмаса, қолдау қызметіне хабарласа алады. Әр емханада қолдау қызметтері белсенді түрде қызмет атқарады. 

Естеріңізге сала кетейік, Павлодар облысы тұрғындарының 50 % астамы электронды медициналық қосымшаларды қолданады.