Павлодарлық музыканттар «Qazaq Dumany» халықаралық байқауында үздік атанды
Жас музыканттар Қазақстан композиторларының шығармаларын орындауда сынға түсті, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
Облыстық білім беру басқармасының мәліметінше, Қазақ ұлттық өнер университетінде «Скрипка» және «Фортепиано» номинациялары бойынша Қазақстан композиторларының шығармаларын үздік орындауға арналған «Qazaq Dumany» бірінші халықаралық байқауы өтті.
- Байқаудың қазылар алқасына аттары әлемге әйгілі музыка өнерінің майталмандары Владимир Дё, Санат Джошкунер, Эрнис Асаналиев, Самир Мирзоев, Озгюн Кошкунер, Владимир Дулов, Эльмира Миркасымова шақырылды, - деді басқармада.
«Фортепиано» номинациясы бойынша Павлодар қаласындағы музыкалық колледждің екі студенті жеңімпаз атанды. Бірінші орынды Нелли Рерих иеленсе, Тілес Қажғалиев пен Аида Исакова атындағы екі диплом Никита Абековке берілді.
Айта кетейік, байқауға 16-дан 28 жасқа дейін орындаушылар қатысты.
Фото: облыстық білім беру басқармасы