Павлодарлық мұз сарайында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді

Оған өңірдің 30-дан астам ірі жұмыс беруші қатысады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
11 ақпанда сағат 10:00-де «Астана» мұз сарайында бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді. Оның мақсаты – жұмыс берушілер мен жұмыс іздеушілер арасындағы тікелей байланыс арқылы жұмысқа орналастыруға көмектесу.
– Бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде әртүрлі салаларында, соның ішінде жұмысшы мамандықтар бар өндіріс, құрылыс, энергетика, ауыл шаруашылығы саласындағы облыстағы 30-дан астам ірі компаниялардан 300-ден астам ашық жұмыс орындары ұсынылады. Сонымен қатар, жәрмеңкеде бизнес-идеяларды дамытуға өтеусіз грант алушы кәсіпкерлердің өнімдері ұсынылады, – деді ұйымдастырушылар.
Жұмыс іздеушілер үшін бұл еңбек нарығындағы ағымдағы ұсыныстармен танысу және жұмыс берушілерге өздерін тікелей таныстыру мүмкіндігі.