Павлодарлық орманшылар тұманда жоғалған аққуды іздеуде

Павлодарлық орманшылар тұманда жоғалған аққуды іздеуде
Фото: Аждар Жүсіпов

Мұзды Ертісте жалғыз аққуды байқап қалған қала тұрғындары бейжай қарамай, «109» қызметіне хабарлаған, деп жеткізеді @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Құсты теміржол көпірінің маңынан көрген.

Бұл туралы Павлодар облыстық орман және жануарлар дүниесін қорғау мекемесінің басшысы Аждар Жүсіпов айтты:

Хабарды алған соң бірден іздеуге шықтық. Бір орманшы мен екі құтқарушы төтенше жағдайлар департаментінің арнайы қайығымен аттанды. Бірақ қалың тұманнан аққуды таба алмадық, іздеу жұмыстарын түнде тоқтатуға тура келді. Енді қайта жалғастырамыз, деді Аждар Жүсіпов.

Павлодар тұрғындары құсты өзен портының маңынан көргенін айтады. Бейнежазбада жас аққудың тұманда адасып жүргені анық байқалады.

Іздеу жұмыстарына орманшылар мен құтқарушылар жаңа пайдалануға берілген арнайы техника аэроқайықты жұмылдырды.

Бұл сирек құстармен кездескен алғашқы жағдай емес. Жақында орманшылар Маралды көлінің маңынан адасып қалған аққуды тапқан. Ол Павлодар облысын қыстап шығатын жер ретінде таңдаған. Құсты Павлодар ауылындағы белсенді демалыс орталығына жеткізді, қанатты осында көктемге дейін қыстайтын болды.

Ал өткен жылдың желтоқсанында Баянауыл ауданындағы Торсықбай көлінде мұз үстінде жүрген қос аққу табылды. Қазір құстардың өміріне еш қауіп жоқ.

Аймақтағы су айдындарында сұлу аққуларды көру үйреншікті құбылысқа айналуда. Павлодарлықтар Ертісте қыстайтын аққуларды бірнеше жылдан бері бақылап келеді.

Қала тұрғындары «109» қызметіне тек коммуналдық мәселелер бойынша ғана емес, жануарлардың тағдырына қатысты да хабарласады. Қаңғыбас иттерден бастап, сирек кездесетін аң-құстар туралы да қоңырайлар түседі.

Мәселен, өткен жазда қызметке екі рет жыландарға байланысты шағым түскен. Бір жағдайда ұзындығы шамамен жарты метр болатын жылан үйге кіріп кеткен, екіншіде автокөліктің мотор бөлігіне тұрып қалған. Облыстық ветеринария басқармасының мамандары жедел жетіп, жыландарды алып кеткен. Олардың кейінгі тағдыры белгісіз.