Павлодарлық оқушылар аязға байланысты үйден оқиды

Павлодарлық оқушылар аязға байланысты үйден оқиды
Фото: Константин Шелков

Бастауыш сыныптардың сабақтары онлайн форматта өтеді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz

Қалалық білім беру бөлімінің мәліметінше, 18 қаңтарда  Павлодар қаласының мектептерінде бірінші ауысымдағы мектепалды, 1-4- сынып оқушыларының сабақтары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады: температура минус 27 градус, жел 2 м/с.