Жаз-2024: Павлодарлық оқушылар сарайында қандай үйірмелер жұмыс істейді?

Жаз-2024: Павлодарлық оқушылар сарайында қандай үйірмелер жұмыс істейді?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Мұнда аяқ басқан әрбір бала өз жанына жақын іспен айналыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

М. Катаев атындағы оқушылар сарайындағы М.Катаев атындағы БАҚ-пен жұмыс жасау бөлімінің басшысы Әсем Айыпованың айтуынша, бұл шығармашылық мекенде әрбір жеткіншек ғылыми жоба жазу, ғарыш әлемін зерттеу, робототехника саласында жұмыс жасау, ән шырқап, би билеу, әдемі сурет салып, сәнді киім тігу, шаштараз өнерімен айналысу, IT-мектебі сияқты түрлі үйірмелерге қатыса алады. 

Сондай-ақ «Глинка» қыш үйірмесінде балалар құмыра және басқа да түрлі заттарды өз қолдарымен жасап үйренеді.

– Тіпті, бизнеске алғаш қадам басуға зор мүмкіндіктері бар, – дейді ол. – Тегін үйірмелердің ішінен «Мұрагер» домбыра, «Biogreen» экологиялық, «Сырмақ» қолөнер үйірмелерін, IT-мектебі, сөз өнері, шаштараз, «Амплуа» театр, еріктілер, құқық үйірмелерін, жалпы техникалық модельдеу, дебат клубын, «Антарес» жас астрономдар клубын атап өтуге болады. 

Жалпы биыл 7-16 жас аралығындағы 2 мың 300 баланы жаз маусымында түрлі үйірмелермен қамту көзделіп отыр. Өткен жылы олардың саны 2000 болған.