Павлодар облысының екі ауданында қоныс аударушылар неге баспанасыз отыр?

Павлодар облысының екі ауданында қоныс аударушылар неге  баспанасыз отыр?
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Бұл мәселе Павлодар облысы әкімінің қатысуымен өткен аппарат отырысында көтерілді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.

Ерікті қоныс аудару бағдарламасы аясында өткен жылдың қорытындысы бойынша облысқа 3422 адам қоныс аударған болатын. Оның ішінде ішкі көші-қон шарасы бойынша – 2170 адам, қандастар мәртебесі бар тұлғалар – 1252 адам, еңбекке қабілетті жастағы адамдардың саны – 1712. Олардың арасынан тұрақты жұмыс орындарына 474 адам тартылған болатын, ал 66 адам кәсіпкерлік қызметпен айналысуда.

Жалпы жоспар жүз пайызға жуық орындалды, бірақ көрсеткіштер бойынша Ақтоғай, Железин, Ертіс, Тереңкөл, Аққулы аудандары артта қалған.

Ертіс ауданының әкімі Нығман Жүсіпов қоныс аударушылардың өңірлік квотасына кіру жоспарының орындалмауын түсіндірді.

– Жоспардың орындалмаған себебі – қоныс аударушылардың желтоқсан айында келіп, аймақтық квотаға  үлгермеді, – деді әкім.

Ал Тереңкөл ауданына келсек, Тереңкөл ауылдарындағы үй-жай күйлердің бағасы. Үшіншіден, бұл мамандандырылған дипломмен мамандарды табу.

Тереңкөл ауданының әкімі Азамат Маңғұтовтың айтуынша, ағымдағы жылдың жоспарын орындау мақсатында ауыл және ауылдық округ әкімдері, ірі ауыл шаруашылығы тауар өндірушілердің қатысуымен бос орындар жәрмеңкесіне бару кестесі құрылған. Жұмыс орындар тізбесі жасалып, бос тұрғын үйлердің қарастырылды. Қоныс аударушыларды таныстыру үшін ауылдық елді мекендер анықталып бекітілген.

Облыс әкімі Асайын Байхановқалалар мен аудандардың әкімдерінің қоныс аударушыларды тұрғын үймен қамтамасыз ету және жұмысқа орналастыру жұмысы нәтижелі болу керек екенін атап өтті.

– Біздің қандай да көрсеткішке қол жеткізбесек, бір себептер табылады. Бірақ әр нәрсеге ақтала беретіндей, себеп іздей беретіндей жағдай жоқ. Баспананы сертификат арқылы сатып алатындай жағдайды жасап, толықтай көмек көрсету керек. Оған сәйкес өңірлік жұмыспен қамту картасын және қоныс аудару бағдарламасын іске асыру бойынша есепті тоқсан сайын тыңдайтын боламын, – дейді әкім.

Сондай-ақ Асайын Байханов тұруға жарамды бос үйлер мен жеке ісін құру мүмкіндігі бар ауылдарды анықтауды тапсырды.