Қателігін қайталады: Павлодарда скутер жүргізушісі мас күйінде ұсталды

Қателігін қайталады: Павлодарда скутер жүргізушісі мас күйінде ұсталды
Фото: Константин Шелков

Бір тәулікте қалада үш мас жүргізуші жазаланды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, Ворушин – Ломов көшелерінің қиылысында мемлекеттік тіркеу нөмірлік белгілері жоқ «Jiangsu XINYI» маркалы скутердің жүргізушісі тоқтатылды. Құжаттарды тексеру кезінде полиция қызметкерлері жүргізуші күдік туғызған. 

– Тәртіп сақшыларының күдіктері медициналық куәландыру нәтижелерін растады, жүргізуші мас күйінде болды. Деректер базасын тексеру кезінде ер адамның 2030 жылға дейін жеті жыл бойы жүргізуші куәлігінен айырылғаны анықталды. Жүргізуші жауапқа тартылды, материал сотқа жіберілді, – дейді департаментте. 

Бір тәуліктің ішінде павлодарлық полицейлер жол қауіпсіздігі саласында 258 бұзушылықтың жолын кесті, 3 жүргізуші көлік құралын мас күйінде жүргізгені үшін жазаланды.