Павлодарлық оқушыларға кәсіби бағдар беру бойынша ашық кездесу өтеді

Павлодарлық оқушыларға кәсіби бағдар беру бойынша ашық кездесу өтеді
Фото: жасанды интеллект

Іс-шараға қала мектептерінің тоғызыншы сынып оқушылары қатыса алады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Шаһарда 12 қараша күні мектеп оқушыларының мамандық таңдаудағы сауатын арттыруға бағытталған кәсіби бағдар беру кездесуі ұйымдастырылады. 

Кездесудің мақсаты – жасөспірімдерге өз қабілеттері мен қызығушылықтарына сай мамандықты таңдауға көмектесу. Ұйымдастырушылардың айтуынша, қазіргі таңда еңбек нарығында сұранысқа ие бағыттар мен болашағы бар кәсіптер туралы жан-жақты ақпарат беріледі. Сонымен қатар қатысушыларға тоғызыншы сыныптан кейін білім алуды жалғастырудың түрлі жолдары, колледждер мен мамандандырылған оқу орындары ұсынатын мүмкіндіктер туралы мәлімет ұсынылады.

– Біз жастардың болашаққа сеніммен қадам басуына қолдау көрсеткіміз келеді. Кездесуде мамандар мен тәлімгерлер нақты мысалдар арқылы кәсіби бағыт таңдаудың маңызын түсіндіреді, – дейді ұйымдастырушылар.

Кездесу жастар бастамаларын дамыту орталығында, сағат 18:00-де өтеді.