Павлодарлық «Парыз» байқауының лауреаттары марапатталды
Олар халықтың әл-ауқатын жақсарту үшін жұмыс істеген, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
«Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі байқау жеке кәсіпкерлік субъектілерінің халықтың әл-ауқатын одан әрі жақсарту үшін қоғам алдындағы өздерінің корпоративтік әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыруға және арттыруға бағытталған.
Байқау төрт номинация бойынша өткізіледі: «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын», «Үздік ұжымдық шарт», «Экологияға қосқан үлесі үшін» және «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы үшін арнайы сыйлық тағайындалды.
2023 жылы «Парыз» бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі жөніндегі конкурстың республикалық кезеңінің лауреаттары болып екі кәсіпорын анықталды. Олардың бірі - «Галицкое» ЖШС «Жылдың үздік әлеуметтік жобасы» номинациясы бойынша Александр Косицын болса, екіншісі - «Победа» ЖШС басшысы «Еңбекті қорғау саласындағы үздік кәсіпорын» номинациясы бойынша жетекшісі Владимир Поляков.