Павлодарлық полицейлер алты шетел азаматын елден шығарды

Павлодарлық полицейлер алты шетел азаматын елден шығарды
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Көрші мемлекеттің азаматтары көші-қон заңнамасын бұзған, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, тәртіп сақшылары құжаттарды тексеру кезінде көші-қон заңнамасын бұзған шетел азаматтарын анықтады. Олар қажетті құжаттарсыз Қазақстан аумағында болған.

– Құқық бұзушыларға әкімшілік материал толтырылып, кіруді шектеу және елден шығару туралы сот шешімі қабылданды. Полицейлер оларды Астана қаласының әуежайына дейін жеткізді, – делінген хабарламада.

Ведомствоның хабарлауынша, жыл басынан бері өңірде көші-қон заңнамасын бұзған 124 шетелдік азамат елден шығарылған.