Павлодарлық полицейлер халыққа құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді

Павлодарлық полицейлер халыққа құқықтық түсіндіру жұмыстарын жүргізеді
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Азаматтарды әкімшілік және жергілікті полиция қызметі басқармаларының басшылығы қабылдайды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 16 тамыз күні сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін «Жолда қабылдау» республикалық акциясы өтеді. 

Акция шеңберінде жол-техникалық инспекция, әкімшілік практика, процессингтік орталық өкілдерімен, сондай-ақ қоғамдық және жол қауіпсіздігін қорғауды жүзеге асыратын қызметкерлермен түсініктемелер мен кеңестер берілетін болады, – делінген хабарламада.

Халыққа айыппұл төлеу, жол қозғалысын ұйымдастыру, көлік құралдарын тіркеу, жүргізуші куәліктерін беру, оның ішінде электрондық үкімет порталы арқылы мемлекеттік қызметтерді алу мүмкіндігі туралы және тағы басқа мәселелер бойынша ақпарат жеткізілетін болады.

Өтетін орны: Космонавтов көшесі, 2 – Мамандандырылған халыққа қызмет көрсету орталығы.