Павлодарлықтар жылыту маусымына қалай дайындала алады
Барлық дайындық үш кезеңнен тұрады. @Pavlodarnews.kz тілшісі оларды сұрастырып шықты.
Павлодардың орталық жылыту жүйесіне қосылған үйлерінің саны 1277. Олардың 517 толығымен, ал 300-і 80 процентке жылу қабылдау әзір. 20 үйде дайындық жүруде.
Дайындық барысы қалалық тұрғын үй инспекциясы және коммуналдық шаруашылық бөлімінің назарында. Тұрғындар қысқа дейін қандай іс-шараларды қолға алуы керектігін бөлім басшысының орынбасары Бақытгүл Базылова айтып өтті.
1. Жылыту жүйесін жуу
Процесс осыдан басталады. Құбырлар мен радиаторлардағы қалдықтар шайылады. Жылдар өте келе бұл қалдықтар жиналып, батареялардың жылуы төмендейді. Егер батареялар 10 жыл шайылмаса, демек, олар жартысына жуық бітелген. Сондықтан жылыту жүйесін жууды жыл сайын маусым біткеннен кейін өткізу керек.
2. Сығымдау
Бұл құбырлар, радиаторлар мен өзге де жылыту тораптарын гидравликалық сынақтан өткізу деген сөз. Бұл жүйенің қысымға қаншалықты төтеп бере алатындығын анықтау үшін қажет. Бақытгүл Базылова айтып өткендей, осы кезеңде инженерлік жүйедегі ақаулар мен оның тозу деңгейі белгілі болады.
3. Есептік дросселдік құрылғыларды орнату
Осы кезеңде жылыту маусымына дайындық аяқталады. Бұл құрылғылар гидравликалық режимнің тұрақтылығыны қамтамасыз етеді. Ал ол, өз кезегінде, жылудың әрбір үйге бірдей деңгейде жеткізілуіне жол ашады.
Әрбір кезеңді жылу желілері мамандары қабылдайды. Іс-шараларды өткізу уақыты әрбір үйдің инфрақұрылымының күйіне байланысты.
Фото: Константин Шелков