Павлодарлық шаңғышылар ел чемпионатында алтын алды
Жергілікті шаңғышы әйелдер Щучиснк қаласындағы жарыста жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.
Щучинск қаласында қысқы спорт түрлері бойынша олимпиадалық даярлау орталығы базасында шаңғы жарысынан ҚР Чемпионаты (Шығыс Еуропа Кубогының III кезеңі) басталды.
- Шаңғы жарысының командалық спринт түрі бойынша әйелдер арасында павлодарлық Дарья Ряжко мен Елизавета Толмачева алтын медаль жеңіп алды, - деді облыстық спорт басқармасында.
Ел біріншілігіне 100-ге жуық спортшы қатысуда. Жарыс 21-28 наурыз аралығында өтеді.
Жарыс аясында спортшылар командалық спринтте, скиатлон, еркін стильде спринтте, классикалық жарыста, эстафетада және масс-стартта сынға түседі.
Фото: ашық дереккөздерден