Павлодарлық сот мемлекеттік сатып алу байқауы бойынша дауды шешті

Павлодарлық сот мемлекеттік сатып алу байқауы бойынша дауды шешті
Константин Шелковтың иллюстрациялық фотосуреті

Байқау нәтижелері заңсыз деп танылды, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz тілшісі.

Облыстық сот баспасөз қызметінің мәліметінше, «А» ЖШС облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасына және «К» ЖШС-не қатысты мемлекеттік сатып алу туралы шартты және байқау нәтижелерін заңсыз деп танып, жоюды талап етті. 

Аталмыш байқау «Павлодар әуежайының РД-Б құрылысымен жасанды ұшу-қону жолағын, жүру жолын және перронды қайта құру» тәртібі бойынша ұйымдастырылды. Мемлекеттік сатып алу конкурсының қорытындылары бойынша басқарма ұйымдастырушы және тапсырыс беруші, «К» ЖШС жеңімпаз болып анықталды.

«А» ЖШС сотқа талап қоюмен жүгініп, байқау қорытындылары туралы хаттаманың күшін жоюды, шартты жарамсыз деп тануды сұрады. Бірінші сатыдағы соттың шешімімен талап қою қанағаттандырылды. Істі апелляциялық тәртіпте қарау барысында тараптар арасындағы дау медиациялық келісіммен реттеліп, сотпен бекітілді. Бірінші сатыдағы сот шешімінің күші жойылып, ұсынылған талап қою талап қоюшыға қайтарылды, – деді облыстық соттың әкімшілік істер жөніндегі сот алқасы.

Ұйғарым заңды күшіне енді.