Жексенбіде Павлодар облысында күн ашық болады
Дегенмен, Қазгидромет 5 ақпанда тұрақсыз ауа райы болатынын жариялады, деп хабарлайды @Pavlodarnews.kz.
- Республикамыздың басым бөлігі әлі де циклон және онымен байланысты атмосфералық фронтальды бөлікдердің ықпалында болады, осыған байланысты тұрақсыз ауа райы сақталады, - деді Қазгидрометте.
Облыста ауа температурасы күндіз -11 -13 °C, желдің жылдамдығы 2-7 м/с болмақ.
Фото: Константин Шелков